Сыр өңірінде берекелі тірлікке бейіл азаматтар мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсіп бастап, жаңа мамандықтың иесі атанды.
Медицина саласында 20 жылдай өтілі бар Ләззат Кәріпова заманауи үлгідегі клиниканы мемлекет қолдауы аясында ашқан. Яғни, «Еңбек» бағдарламасы арқылы 9 миллион теңге жеңілдетілген несие алып, медициналық нысанды заманауи құрылғылармен жабдықтады. Клиникада 2 жылдан бері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» арқылы тұрғындарға тегін де қызмет көрсетіп келеді. Жылына 700-ге жуық науқас ақысыз ем қабылдайды.