Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қазалыда Жеңіс мерекесі құрметіне бәйге өткізілді

Қазалы ауданы «Әбдраман төбе» учаскесінде Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мерекесіне орай ат бәйгесі өтті. 
Аламан бәйгесі бойынша барлығы 8 ат қатысты. Оның ішінде І орынды Қазалы ауданының тұрғыны Естенқұлов Серіктік аты жеңіп алса, ІІ орынды Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданынан келген Сисенбай есімді шабандоз иеленсе,  ІІІ орын Сексеуіл кентінен келген Бедер Қадірберген есімді шабандоздың аты жеңіп алды. Сонымен қатар, барлық бәйгеге қатысушыларға арнайы жүлделер табыс етілді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: