Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордалықтар 95 қаруды өз еркімен өткізген

Қызылордалықтар 95 қаруды өз еркімен өткізгенҚазақстан Республикасы  ІІМ-нің 27.11.2014 жылғы нұсқауына сәйкес, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап желтоқсан айының 31-не дейін травматикалық және газды патронмен жарақат салатын мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарының тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардан осындай қаруларды өтемді түрде қабылдау акциясы өтуде.
Аталған акция қағидаларына сәйкес, травматикалық қаруды ерікті түрде өтемді тапсыру шығындарын қаржыландыруға республикалық бюджеттің қаражаты есебінен Қызылорда облысына 12 286 000 теңге бөлінді.
ҚР ІІМ біріктірілген деректер банкінің есебіне сәйкес, ішкі істер органдарының тізімдік есебіне облыс бойынша 381 травматикалық тапаншалар тіркелсе, акция басталған уақыттан бері тұрғындардан әр түрлі үлгідегі 95 дана травматикалық және жарақат салатын патрондарымен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қарулары тапсырылған.
«Осыған орай, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, сол сияқты оның патрондарын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүргені үшін 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 2-бөлігіне сәйкес, 2 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына  не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын қатаң ескертеміз» деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: