Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП МҰНАЙШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

 

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы «Сыр елі – достық мекені» атты ақпараттық-насихаттық топ өңірдегі мұнай компанияларының жұмысшыларымен кездесу өткізді.
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары А.Жұмабаев, осы мекеменің бас сарапшысы Н.Тасыбаев, «Қазақстандағы орыс қауымдастығы» ҚБ облыстық филиалының директоры В.Толоконниковтің қатысуымен «Қор» мұнай компаниясы» АҚ «Ащысай» кенішінің және «Джунь Ю Тянь-Шань Мұнай Сервис», «Галаз и К» ЖШС Қызылордадағы филиалдарында кездесулер өткізілді.
«Біздің елімізде бірде-бір этносқа артықшылық берілмеген, олар заң алдында тең, барлығының құқығы бірдей», - деді А.Жұмабаев. Айта кету керек, «Сыр елі – достық мекені» ақпараттық-насихаттық тобы алдағы уақытта да тұрғындармен осындай кезедсулер өткізе береді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: