Жалағаш ауданына қарасты Шәменов ауылының тұрғыны Уақбаев Мәди алдағы уақытта жылқы шаруашылығын дамытатын болды.
"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының" Қызылорда филиалы арқылы мал басын көбейтуге жасы 37-60 ай аралығындағы асыл тұқымды емес 7 бас аналық жылқы малын сатып алды.
Несие мерзімі - 78 ай. Жылдық сыйақысы - 6%.Жылқы санын арттырып, мал шаруашылығына өз үлесін қоспақ.