Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада жезөкшелікпен айналысқан үш ер адам есепке алынды

Қызылордада жезөкшелікпен айналысқан үш ер адам есепке алынды.
Қызылорда облысының Полиция департаменті 7-9 қыркүйек аралығында «Stop-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Шара барысында адам саудасына байланысты 4 қылмыс тіркелгені анықталды. Оның ішінде 1-і жезөкшелікке, 3-і жеңгетайлыққа қатысты болып отыр.
«Аталған шара барысында 1 адам жеңгетайлықпен айналысқаны үшін жауапқа тартылды. Ал 10 адам жезөкшелікпен айналысқаны үшін есепке алынса, олардың 3-і ер адам екені белгілі болды. Сондай-ақ, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 450-бабымен жезөкшелікпен айналысуға үй-жайды ұсынғаны үшін 4 азамат анықталып, әкімшілік жауапқа тартылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: