Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚАНАТ ЖАЙЫП КЕЛЕДІ

 

Мал шаруашылығымен айналысатындар қашанда қауырт тірлік үстінде. Әсіресе, олардың шаруасы қыстың күні көбейеді. Мал басын аман сақтап қана қоймай, оны көктемде көбейтудің қарбаласымен жүреді, деп жазады kazakh-zerno.kz.
Қызылордадағы «Ақ барыс» ЖШС-нің 500 басқа арналған бордақылау алаңы мен қасапханасы бар. Серіктестік өзіне қарасты үш дүкенге күніне 2 тонна ет жеткізіп отыр.  Осы ет дүкендерінің алды адамнан босаған емес, олай болатыны мұнда ет арзан. Келісі 1100 теңгеден сатылады.
— Бордақыдағы малға Жалағаш ауданындағы «Таң» шаруашылығынан сатып алынған жоңышқа беріп жатырмыз,- дейді серіктестік директоры Ерболат Рсалин. – Жаздың күні жем-шөпті көптеп алуға тырысамыз. Дегенмен былтыр қараша айында оның да бағасы көтерілді
Қала іргесіндегі «Қосшыңырау» ауылдық округінде де мал шаруашылығы отбасылық кәсіпке айналған. Солардың бірі «Шайұзақ» шаруа қожалығы. Қожалық төрағасы Шахмардан Садықов биыл қыс жайлы болғандықтан жылқы да, түйе де жайылымға жіберілгенін айтады.
Шахмардан Садықов та мемлекеттік қолдауға сүйеніп бордақылау алаңын салуды бастады. Осы жылы қымыз бен шұбат өндірісін қолға алмақ ойы бар.
Осыдан 16 жыл бұрын құрылған ферма иелігінде 25 гектар жер болған еді. Сол кездегі 16 сиыр мен сегіз түйе бүгінде жарты мыңға жуықтады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: