Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫН ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БАСТЫ НАЗАРДА

 

2016 жылы 9342 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып, 11206 жұмыс орындар құрылды, оның ішінде 9873 тұрақты. Облыста 115 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізіліп, 9 мыңға жуық жұмыс іздеушілер қатысты, 5 мыңнан астам тұрақты жұмысқа орналасты.
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы А. Алдажаров мәлімдеді. 
2016 жылы «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасына 6,7 млрд теңге қаралған.
Бірінші бағыт бойынша инфрақұрылымдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен 266 жоба бойынша 1890 жұмыс орындары құрылды. 
Екінші бағыт - кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және тірек ауылдарды кешенді дамыту бойынша 800 адамға 2,1 млрд теңге несие беріліп, 440 адам өз кәсібін ашты, қосымша 226 жаңа жұмыс орындары ашылды. 
Үшінші бағыт - жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бойынша:
Әлеуметтік жұмыс орындарына 248 мекемеге 859 адам жолданып, 570 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
Жастар тәжірибесіне 575 мекемеге 1107 жас маман жолданып, 440 жастар тұрақты жұмысқа орналасты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: