Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада инновациялық идеялар фестивалі өтті

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қызылорда облысы әкімінің қолдауымен 2021 жылдың 15-16 желтоқсан күндері «Inno.Fest» Qyzylorda инновациялық идеялар фестивалі өтті. 


Байқауды Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасы мен «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ ұйымдастырды. Жоба серіктестері – «Нұрсұлтан Назарбаев Қоры», «Astana Hub» халықаралық технопаркі, «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университеті», «Болашақ» университеті, IT Park, «Абзал және К» ТС, «Транстелеком» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «JSoft» ЖШС, «Grand master» бағдарламалау мектебі» ЖШС, «Сыр Үміті» Жастар қауымдастығы, «Қазақстан ІТ-мамандары ассоциациясы», «Qosyl» жастар орталығы, «Maнсап» мектебі, «IT Space» ЖШС, «Digital innovation and transformation» ЖШС, «Елорданы тұрақты дамыту орталығы» ЖШС, «Kyzylorda Business Hub». 
Іс-шараны қорытындылау рәсімінде облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов жобаға қатысушыларды құттықтап, сертификаттарын табыстады. Фестивальдің негізгі мақсаты – «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және облыс тұрғындарының IT-саласына қызығушылығын арттыру және инновациялық IT жобаларды қолдау. 2016 жылдан бастап Нұрсұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында Hackday форматында фестивальдер өткізіліп келеді және заманауи технологияларға қызығушылық танытатын IT-мамандар мен жастар арасында танымал бола бастады. Бұл фестивальде көптеген жобалар одан әрі дамиды. Қазақстандағы HackDay шетелде өткізілетін аналогтардан ерекшеленеді, фестиваль бірегей және ауқымды. Мысалы, қазақстандық HackDay басқа еш жерде жоқ «Кино және видео», «Контент және медиа» секцияларын қамтиды. 
Бұл фестивальге қатысуға барлық ниет білдірушілердің қатысуына мүмкіндік беретін шығармашылық секциялар. Сондықтан HackDay арқылы жыл сайын 2 000-нан астам адам қатысып және жыл сайын бұл сан өсіп келеді. «Inno.Fest» Qyzylorda фестиваль форматы – «Ақпараттық технологиялар», «Контент және Медиа», «Кино және видео», «Smart Qyzylorda» бағыттары бойынша 24 сағат ішінде идеядан бастап прототипке дейін жобаны әзірлеуді қарастырады. Фестиваль спикерлері: Айболат Құлатай – «Thousand IT» негізін қалаушы, Айна Досмаханбетқызы – «TechWoman 2019» жүлдегері, Алмат Қуанышбаев – «Grand Master» бағдарламалау мектебінің директоры, Айбек Рахым – «NS Labs» ЖШС Бас директоры, Айбек Қуатбай – «Daryn Online» негізін қалаушы, Нұрлан Құлмырзаев – «Қазақстанның ІТ мамандары қауымдастығының» директоры, Сабира Жарасқызы - блогер, Жансерік Қадырбаев – блогер, тележүргізуші, Ақгүл Абдрасул – продюсер, кешенді маркетолог, Данияр Өскенбай – «DFG» компаниясының негізін қалаушы және директоры, Бағдат Арғынов – Қоюшы оператор, Жасұлан Алдабергенов – «Aslan Films» студиясының директоры. Бұл іс-шара жаңа перспективалы инновациялық IT жобаларды анықтауға, өз идеясын жүзеге асыруға, ресурстарды, инвесторларды табуға, жобаны көпшілікке ұсынуға мүмкіндік береді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: