Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚҰРЫЛЫС САПАСЫН БАҚЫЛАУ БАСТЫ НАЗАРДА

ҚҰРЫЛЫС САПАСЫН БАҚЫЛАУ БАСТЫ НАЗАРДАБүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысының міндетін атқарушы М.Мырзабеков өткен жылды қорытындылап, алдағы атқаратын жұмыстар барысын таныстырды. 
Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына 2016 жылда мемлекеттік пен жеке инвестициялар есебінен салынатын нысандарға құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу (бастау) туралы 293 хабарлама түскен. Оның: 170-і бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан құрылыстар (132-і жаңа, 38-і қайта жаңғырту (күрделі жөндеу) жұмыстары), ал 123-і жеке қаражаттарына салынып жатқан нысандар. Облыс көлемінде басқармамен жалпы саны 290 тексеру жүргізілді. Оның ішінде: 183 жоспардан тыс және бақылаудың өзге де нысандарды тексеру бойынша 107 тексеру жүргізілді. Тексерулер бойынша 57 нұсқама берілді. Басқармада 2016 жылдың қорытындысы бойынша 199 қабылдау актісі тіркелді, оның ішінде 127 объекті бюджет есебінен. 2016 жылда басқармамен 67 әкімшілік іс қаралған. Барлық салынған әкімшілік айыппұлдың көлемі – 16 586 220 теңге. 
Әкімшілік іс өндірісін қарау үшін сотқа 78 іс жолданды, оның ішінде: ҚР ӘҚБтК-тің 319-бабы (заңсыз құрылыс) - 7, 462 бабы 3-тармағы – 4, 463 бабы 1 тармағы (құрылыс қызметімен рұқсатсыз, лицензиясыз, бiлiктiлiк аттестатсыз айналысу) бойынша – 66, 463 бабы 2 бөлігі - 1. Сотқа жолданған 78 іс бойынша 6 649 335 теңге айыппұл салынды.
Барлық салынған әкімшілік айыппұлдың көлемі –23 235 555 теңге.
Басқармаға 2016 жылда эксперттік қызметпен айналысуға 522 арыз түсті. Оның барлығы комиссия отырысында қаралып, 413-і тестілеуге жіберілді, 298 өтініш иесі тесттен өтіп аттестат алды. 56-ы тесттен өте алмады. Біліктілік талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты 109 өтініш бойынша тестілеуге жіберілмеді, 59-ы тестілеуге келмеді. – деді М.Мырзабеков.

ҚҰРЫЛЫС САПАСЫН БАҚЫЛАУ БАСТЫ НАЗАРДА

 


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: