Жалағаш ауданы Аққұм ауылдық округінің әкімі Т.Төлегенов 2016 жылы атқарған жұмыстары туралы есеп берді.
Аққұм ауылдық округі бойынша 2016 жылы ауыл шаруашылығы саласымен айналысатын бір заңды тұлға және 8 шаруа қожалығы жұмыс жүргізіп келеді.
2016 жылы 6 ауыл тұрғыны мемлекеттік бағдарламалар аясында жеңілдетілген несие алып, өз кәсіптерін бастауға қол жеткізді. Шағын кәсіпкерлік саласы бойынша ауыл тұрғындарына 29 жеке кәсіпкер қызмет көрсетеді.
2016 жылы «Аққұм Жер» ЖШС жер үлескері бар 140 отбасыға 50 данадан пресс шөп таратып, тұрмысы ауыр үш отбасыға пресс шөп түсіріп берді. «Ислам және өркениет» газетіне 25000 теңгеге демеушілік көрсетті. Күрішшілерге жалпы 4 млн. 736 мың теңге көтерме ақы төленді.
«Бақдәулет-57» фермерлік қожалығы өз қаржысы есебінен ауылға 350 орындық тойхана, монша және ипподром құрылыстарын салып пайдалануға берді.