Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

БАТЫР АУЫЛЫНДАҒЫ БЕРЕКЕЛІ ТІРЛІК

БАТЫР АУЫЛЫНДАҒЫ БЕРЕКЕЛІ ТІРЛІКҚармақшы ауданы әкімі С.Мақашев пен Т.Көмекбаев ауылдық округінің әкімі С.Жолмаханов ауыл тұрғындары алдында есеп берді. Кеңес Одағының Батыры Т.Көмекбаев атындағы ауыл тұрғындары төрт түлігін түгендеп, мал шаруашылығын дамытып отырған ауылдың бірі.
Есеп беру жиналысында ауыл тұрғындарының әлеуетін арттыру бағытында атқарылған жұмыстар аталып өтілді. Өткен жылы ауылда мал басы түгелдей бірдейлендіріп, жеке қожалықтарда мүйізді ірі қара 1143 бас, түйе 525 бас, жылқы 674 бас, қой мен ешкі 5703 бас құрады. Сонымен қатар, «Сайлау» ШҚ 30 бас мүйізді ірі қара және 65 қой мен ешкі, «Қаратай» ШҚ 16 бас жылқы, «Әли қожа» шаруашылығы 100 бас жылқы бағып, көбейтуге жұмыс жасауда. Жиналыста ауыл тұрғындары өз ой-пікірлерін білдіріп, қойған сауалдарына жан-жақты жауап алды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: