Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫБүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев Елбасы Н.Назарбаевтың «Мемлекеттік билік тараптары арасындағы өкілеттілікті бөлу мәселесі жайлы» Үндеуіне қатысты өз ойын білдірді. 
- Елбасымыздың мемлекеттік басқарудың тиімді және үйлестірілген жүйесін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік билік тараптары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлу бастамасы ол саяси жүйені одан әрі демократияландыру процесінің жалғасы болып табылады. Бұл елдің мүддесімен заманның талабын, ұрпақтың болашағын ойлай отырып жасалған қадам. Мемлекет басшысы Президенттің әлеуметтік - экономикалық процестерді реттеудегі біршама өкілеттіктерін Үкіметке және басқа да атқарушы органдарға беретінін және ол мәселелерге Үкімет, министрліктер және әкімдіктер толықтай жауап беретініне тоқталды. Елбасымыз билік тармақтарын үлестіру барысында 40-қа тарта президенттік құзыреттің Парламентке және Үкіметке берілетінін мәлімдеді.
Өздеріңізге белгілі өкілеттіктерді қайта бөлу тиісті Заңдарға қажетті өзгерістермен толықтырулар арқылы іске асады. Бұл орайда жүзеге асырылғалы отырған Конституциялық реформа біздің мемлекет пен қоғам үшін өте маңызды. Және бұл жаңа өзгерістер мемлекеттің дамуын жаңа кезеңге шығарады», - деп толық сеніммен айтуға болады. Әрине ол үшін жауапкершілікті бүкіл Қазақстандық сезінуі тиіс. 
Елбасының Үндеуін қолдап оны талқылау мақсатында «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы да тиісті жұмыстарды жүйеледі. Атап айтар болсам, талқылау уақытына арналған 1 айлық іс-шара жоспары, медиа-жоспар әзірленді. Арнайы аймақтық, аумақтық филиалдар жанынан 12 ақпарттық насихаттық топтар жасақталды. 
Бүгінгі таңда жоспарға сәйкес партияның барлық аумақтық филиалдары БПҰ арқылы барлық елді мекендерде, еңбек ұжымдарында, тұрғындардың барлық топтарымен кездесіп, талқылау жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ бұл жұмыстарға «Нұр Отан» партиясының барлық деңгейдегі депутаттық фракциясының мүшелері, партия жақтастары мен белсенділері, жасотандықтар жұмылдырылуда" - деп атап өтті.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: