Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Полиция және аудандық аурухана қызметкерлерімен кездесті


Дін саласындағы Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы Кеңесбеков Қожахмет және облысымызға белгілі теолог, дінтану магистрі Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Phd докторанты Бақтияр Оспанов «Деструктивтік діни ағымдардың қоғамға қатері», «Жұқпалы ауруларға қарсы алдын алу егулерден бас тартқандармен жұмыс жүргізудегі өзекті мәселелер» тақырыптарында аудандық ІІБ және аудандық аурухана қызметкерлерімен кездесу өткізді. 
Кездесу барысында ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар, деструктивті діни ағымдардың зардабы, екпеге қарсы дін ұстанушылармен түсіндірме жұмыстарын жүргізу тұрғысында айтылды. 
Кездесулер 2020 жылғы 9 желтоқсан күні Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы негізінде "Ұшқыр жебе" қоғамдық қорының жүзеге асыруындағы «Аудан көлемінде діни экстремизмінің алдын алу бағытындағы шаралар» әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: