Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АҚЖАРМА АУЫЗ СУМЕН ТОЛЫҚТАЙ ҚАМТЫЛДЫ

АҚЖАРМА АУЫЗ СУМЕН ТОЛЫҚТАЙ ҚАМТЫЛДЫҚызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен әкімдердің есеп беру жиыны Ақжарма ауылдық округінде жалғасын тапты. Есептік шарада Ақжарма ауылдық округінің әкімі Асқар Әділбеков пен учаскелік полиция инспекторы Ділмұрат Жұмаділаев өткен жылы атқарған жұмыстары туралы баяндады.
Былтыр ауылдағы 3 отбасыға «Өрлеу» бағдарламасы бойынша жәрдемақы, 125 отбасыға балалар жәрдемақысы және 39 шаңыраққа тұрғын үй бойынша көмек көрсетілген. Сондай-ақ, жергілікті деңгейде халықты жұмыспен қамту бағдарламасы аясында 2,7 млн. теңге қаржы бөлініп, 32 адам ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылған. Ауылшаруашылығы саласының да ауқымы кеңейіп, өнім түсімі арта түскен. Мәселен, 18 жеке шаруа қожалығы 4 инвесторға бірігіп, 1135 гектар жерге күріш, 291 гектарға жоңышқа еккен. Нәтижесінде өткен жылдың қорытындысымен күріштің әр гектарынан 55,4 центнер өнім жинап, қала бойынша рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Сондай-ақ, округтегі барлығы 11 көшенің басым бөлігіне асфальт төселіп, түнгі жарықтандыру шаралары жүргізілген. Әлеуеті артқан ауылдың ауыз су мәселесі де оң шешімін тауып, «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында таза ауыз сумен толықтай қамтылып отыр.

Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: