Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АУЫЛДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

АУЫЛДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарында кәсіпкерлердің және ауылдық округтер әкімдерінің қатысуымен шағын және орта бизнесті дамыту жөнінде актив отырыстары өтті. 
Онда әсіресе ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамытудың және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері талқыланды. 
Микро, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы облыс үшін аса маңызды, себебі ол жаңа жұмыс орындарының ашылуына, жергілікті бюджеттің нығаюына және салық базасының ұлғаюына септігін тигізеді. Бұл мәселе мысалға алдағы уақытта енгізілетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздардың, жеке кәсіпкерлердің заңды түрде тіркелуін қажет етеді. Облыс әкімі ауыл халқын бизнестің негізін үйрететін «Бизнес-Бастау» және «Бизнес-Кеңесші» бағдарламаларына мейлінше көптеп тартуды, кәсіпкерліктің түрлі бағыттары бойынша жаңа жобалар әзірлеуді тапсырды. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: