Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Дінтанушы мамандар тұрғындармен жүздесті

2023 жылдың 2-6 қазан аралығында дін мәселелері бойынша республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері тұрғындармен кездесулер ұйымдастырды. Топ құрамында  теолог, дінтанушы, исламтанушы мамандар бар.


 Қызылорда облысының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ қызметкері Б.Оспанов, Ұлытау облысының «Ақниет» ақпараттық насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ өкілдігінің қызметкері М.Тұрапбай, Шымкент қаласы «Ақниет» ақпараттық насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ басшысы, дінтанушы, теолог Д.Оспанов, Шымкент қаласы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ қызметкері С. Тілләбек бар.
Бұл мамандар Қызылорда қаласында, Жалағаш ауданының Бұқарбай, Еңбек ауылдық округтерінде, Абай, Қызылжарма ауылдық округтерінде ауыл тұрғындарымен, колледж ұстаздарымен, студенттермен, медицина саласы қызметкерлерімен, әскери қызметшілермен, төтенше жағдайлар қызметкерлерімен, жаттықтырушылармен және спортшылармен кездесті. Жүздесу барысында «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл», «Радикалды діни ағымдардың зайырлы қоғамға әсері», «Діни радикализмнің зардаптары», «Жат діни ағым белгілері, одан сақтану жолдары», «Жастарда жалған діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру – уақыт талабы», «Ұлттық қауіпсіздіктегі радикализм аспектілері», «Азаматтардың діни сенімге байланысты медициналық қызметтен бас тартуының салдары» және т.б. тақырыптар әңгіме өзегіне айналды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: