Қызылорда қаласының әкімдігі үстіміздегі жылдың 9 желтоқсанында С. Толыбеков көшесінің бойында (Н.Әуелбеков көшесі мен М.Әуезов көшесінің аралығы) өткізілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде азық-түлік өнімдерінің сапасына тексеру жұмыстары жүргізді.
Оған құзырлы органдардың (ветеринариялық, карантиндік инспекторлар, санитарлық полиция қызметкерлері) қатысты.
Қала тұрғындары тарапынан «Open Qyzylorda» Facebook әлеумметік желіcіне өткізілген жәрмеңкеге байланысты түрлі пікірлердің (бағаның тұрақсыз сатылатыны, азық-түлік өнімдерінің сапасының нашарлығы және таразының дұрыс болмауы т.б.) келіп түскен еді. Аталмыш шара соған байланысты өткізілді.