Бүгін, Қызылорда қаласында жауын-шашын салдарынан қалыптасқан қатқақ кезінде қала көшелерінде барынша сақтық шараларын қабылдауды, автокөлік жылдамдығын асырмауды сұраймыз.
Қазіргі таңда осы жағдайға байланысты қала көлемінде көлік және жаяу жүргіншілер жолдарын мұздан тазарту жұмыстарына 16 арнайы техникалар (5 трактор, 9 Камаз, 2 кіші тазалағыш техника) жұмылдырылуда.
Яғни, «Қызылорда Тазалығы» ЖШС тарапынан 150 тоннадан астам құм мен тұз аралас қоспа себу, көшелердің беткі қабатын қыру жұмыстары жүргізілуде және 130 қызметкер жаяу жүргінші жолдарындағы мұздарды ойып, тазалауда.