Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЧЕРНОБЫЛЬ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ШАРА ӨТТІ


Осыдан 32 жыл бұрын 1986 жылдың 26 сәуірінде Чернобыль қаласында атомды энергияны пайдалану тарихында мыңдаған адамның өмірін қиған ең ірі апат орын алды.
Бүгін Қала әкімдігі мен қалалық «Чернобыль» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тағзым» алаңы аумағында Ауған, Невада-Семей, Чернобыль құрбандарына арналған ескерткіш маңында Чернобыль апаты зардабын жоюға қатысқан азаматтар еске алу митингісі өткізілді.
Шара барысында ізгі қоғам, жарқын болашақ үшін жасампаз қадам жасап ауыр қасірет азабын тартқан азаматтардың рухына арнап, 1 минут үнсіздік жарияланып, құран бағышталды.
Шара соңында Осипенко атындағы №8 мектеп қабырғасында Семей ядролық полигоны және Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан ардагерлерімізді ұлықтайтын мұражай жұмысы таныстырылды.
Мұражай ашудың басты мақсаты - бейбіт әлемде ұмытылыс, атом жарылысының тигізетін зиянының орасан екенін көрсету, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру. Мұражайдың тамашалағандар ядролық қаруды қолданудағы трагедияның салдарынан туындайтын қайғы қасіреттерді түсінеді, осындай зұлматтан қаза тапқандарды мәңгі есте сақтайды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: