Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛЫН ЖАЛҒАҒАН ОТБАСЫ


Комиссия мүшелері «Мерейлі отбасы -2018» байқауының қалалық кезеңінің іріктеуінен өткен отбасылармен танысуда.
Назаровтар отбасы – білім мен ғылым саласында 40 жылдан астам ұстаздық еткен ата-анасының жолын жалғаушы.
Отағасы Назаров Есенжол - техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор және жұбайы Шәріпова Ақмарал жаратылыстану ғылымдарының магистрі, екеуі де Қорқыт Ата атындағы ҚМУ оқытушылары, еліміздің болашақ ғалымдарын тәрбиелеп отырған өнегелі отбасы.
Отағасы Назаров Есенжол - «Нұр Отан» партиясы «Тұран» филиалы төрағасының бірінші орынбасары, жаратылыстану бағытындағы ғылыми тақырыбына байланысты Астана, Алматы, Баку, Германияның Берлин, Дюссельдорф қалаларында білім жетілдіру институттарында, халықаралық конференцияларға, семинарларға, фестивальдерге қатысып, 50-ден астам ғылыми-әдістемелік, саяси-әлеуметтік мақалаларын жарыққа шығарған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: