ЖЕР КЕЗЕГІНЕ ТІРКЕЛГЕНДЕР СҰРАНЫСЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛМЕК
Қызылорда қаласы бойынша жер кезегіне тіркелген азаматтардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында нақты жұмыстар жүргізілуде.
Қызылорда қаласы бойынша жер кезегіне тіркелген азаматтардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында, Бәйтерек тұрғын ауданынан жалпы көлемі 670 гектар аумақтың егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бекітіліп, келісілген жоба бойынша жер кезегіндегі 4 мың азаматты жер телімдерімен қамтамассыз ету жоспарлануда.
Мұнан бөлек, осы аумақтан қосымша 2 мың гектар жер телімін ашу жоспарланған.
Бұл өз кезегінде, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер кезегінде тұрған 22 мың азаматқа жер учаскелерін табыстауға мүмкіндік береді.