Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Тәртіптік жазаға заңсыз тартылған

Арал аудандық прокуратурасымен арызданушы Р.Шинибековтың «Арал теңізі обаға қарсы күрес станциясы» ММ-нің басшысымен заңсыз тәртіптік шара көргендігі туралы арызы іс құжаттарын зерделеу арқылы қаралды.
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 74-бабының, 2 бөлігіне сәйкес, тәртіптік жазаны- тәртіптік теріс қылық жасалған күннен бастап алты айдан асқаннан кейін, ал Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ревизия немесе жұмыс берушінің қаржы-шаруашылық қызметін тексеру нәтижелері бойынша тәртіптік теріс қылығы анықталған жағдайда қызметкер тәртіптік теріс қылық жасаған күннен бастап бір жылдан асқаннан кейін қолдануға болмайды делінген.
Алайда, «Арал теңізі обаға қарсы күрес станциясы» ММ-нің басшысымен арызданушы Р.Шинибековке тәртіптік шара көру барысында аталған заң талаптары сақталмағандығы белгілі болды.
Осыған орай, аудандық прокуратурамен 26.11.2014 жылы «Арал теңізі обаға қарсы күрес станциясы» ММ-нің 07.11.2014 жылғы №166 ж/қ санды бұйрығының күшін жою туралы наразылық енгізіліп, наразылықтың қаралу қорытындысымен арызданушы Р.Шинибековке тәртіптік шара көру туралы бұйрықтың күші жойылып, арызданушының конституциялық құқықтары қорғалды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: