Үстіміздегі жылдың 7-8 қараша аралығында "МҰРАГЕР" мектебінде "Жаңартылған білім беру мазмұнындағы 4, 9, 10 сыныптарға арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді педагогикалық қауымға таныстыру және талқылау" тақырыбында республикалық семинар өтті.
Оқулық сапасын арттыру шараларын іске асыру мақсатында екі күнге созылған бұл іс-шараға барлығы облысымыздың барлық аудандарынан 500-ден аса педагогтар мен 15-тен аса баспаның 70 оқулық авторлары және де облысымыздың 25-ке жуық ЖОО-ның профессор-оқытушылары қатысты.