Қызылорда қаласының Нұрлыбек Нәлібаев «Полимер Продукт» ЖШС қап шығару цехында болды.
Қалдықсыз өнім өндіретін өндіріс ошағы күніне 35-40 мың дана қап тоқиды. Отандық өнімнің әлеуетін арттырғысы келетін кәсіп иелерінің басты мақсаты – сырттан келетін тауарларды ығыстырып, өнімнің қолданыс аясын кеңейту. Зауыт полипропиленнен жасалған қаптарды шығару бағытында нәтижелі жұмыстар атқарып келеді. Қазіргі таңда еліміздің нарығында полипропиленнен жасалған қапқа сұраныс бір айға – 80 млн. дана. Осы сұраныстың 40 пайызын еліміздегі зауыттар қамтып отыр, қалған 60 пайызын шекаралас елдерден алдыртуда. Алғаш ашылғанда бірінші қабатта ғана жұмыс жасайтын зауыт қазір ғимараттың екінші қабатын да іске қосқан. Қосымша құрылғылар алынған.