Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Екпе жақындарымды қауіпті аурудан сақтайды -73 жастағы арлагер

Қазір әлем бойынша эпидемиологиялық ахуал күрделеніп барады. Күннен-күнге коронавирус індетіне шалдығып, денсаулығы сыр бергендердің қатары көбеюде. 
Мамандар кеселді дертті жеңудің жалғыз жолы - вакцина салдыру екенін жалықпай айтып келеді. Облыстық психикалық денсаулық орталығының 73 жастағы ардагері Абибулла Сыздықов екпе салдырып, ұжымдық иммунитет қалыптастыруға өз үлесін қосты. Көп жылдар бойы емдеу мекемесінің шаруашылық саласын тізгіндеген қария, осылайша өзгелерге үлгі көрсетті. 
Ол өз сөзінде «Қазір өте қиын кезең. Барлығымыз бірдей дәрігерлердің кеңесіне құлақ түруіміз керек. Мен де вакцина салдырамын деп шештім. Екпе мені және менің жақындарымды қауіпті аурудан сақтайтынына сенемін. Аға буын өкілдері жастарға үлгі болуы керек», - деп атап өтті ақсақал.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: