Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Білім қызметкерлері арасында спартакиада өткізілді

Білім қызметкерлері арасында спартакиада өткізілдіЖаңақорған ауданындағы «Талды су » тынығу лагерінде 2015 жылдың 5-7 қараша аралығында қосымша білім беру және олимпиадалар орталығында облыстық білім қызметкерлері арасында спорттың алты түрінен жарыс өткізілді.
Бұл шараны Қызылорда облыстық білім басқармасы мен  білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитеті ұйымдастырды.
Облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен өткізілген бұл жарыс ұстаздарымыздың өнерін, спортқа деген сүйіспеншіліктерін, ептіліктерін, мықтылықтарын айқын корсетті. Жарыстың бірінші күнінде салтанатты ашылу рәсімі жасалып, әр аудан, қаладан жиналған топ басшылары еліміздің ән ұранын шырқап, көк байрағын көкке көтеріп, желбіретті. Облыстық кәсіподақ төрайымы Р. М. Байназарова ашылуында сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік, ауызбіршілік, жеңіс тіледі.
Кешке жарысқа қатысушылардың топтарының аты, ұраны, өнері арқылы өздерін таныстыру кеш болды. Әр күнге белгіленіп қойылған жарыс түрлері өз деңгейінде қызықты да, әділ жүргізіліп отырды. Ән айту, би билеумен қатар мұғалімдеріміз флешмоб сайысында да көрермендер ықыласына бөленді.
Осы жарыс барысында Қызылорда қаласы білім бөлімінің ұстаздарынан жасақталған «Ақ орда» құрама командасы спорт түрлерінен волейболда І орын, баскетболда І орын, футболда ІІ орын, шахматта ІІІ, тоғызқұмалақ  және арқан тарту ІІІ орын нәтижесі бойынша жалпы командалық есепте І орынды иеленді
Волейбол ойыны барысында №12 мектептің мұғалімі Бекназарова Гүльзат, баскетболда №7 мектеп мұғалімі Омарова Малика ойыншыларымыз үздік номинациясы бойынша марапатталды. Астана қаласы күні мерейтойына туристік жолдаманы волейболшы №101 мектеп мұғалімі Медеуов Әсетке, футболшы №144 мектептің мұғалімі Құрманалиев Бекзатқа, баскетболшы №101 мектеп мұғалімі Жүсіпов Алтынбекке берілді. Үш күнге созылған жарыс өте жоғарғы деңгейде ұйымдастырылып, қызықты да тартысты өтті.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: