Балалардың теледидар көруі мен оқу үлгерімінің арасында байланыс бар
Австралиялық ғалымдар мектеп оқушыларының теледидар көруге жұмсаған уақыты мен олардың оқу үлгерімі арасындағы байланыс бар екенін айтты. Зерттеу туралы ғылыми мақала PLOS One журналында жарияланған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мамандар 8-9 жас аралығындағы 1239 баланы зерттеді. Олар мектеп оқушыларының күніне қанша уақыт теледидар көруге кеткен уақытын бақылап, олардың екі жылдағы көрсеткіштерін зерттеді. Күніне екі сағаттық немесе одан да көп теледидарды қарау екі жылдық оқудың төрт айын жоғалтумен тең болып шықты. Сол сияқты оқушылардың жетістіктеріне күніне бір сағат компьютер алдында отырғаны да әсер етді.
"Нәтижелер көрсеткендей, теледидарлар мен компьютерлердің белсенді қолданушылары екі жылдан кейін оқу мен есептеу дағдылары тұрақты қолданушылармен салыстырғанда едәуір төмендеген", - дейді зерттеу жетекшісі доктор Лиза Мунди.
Оның айтуынша, бұл мәліметтер ата-аналарға және оқушыларға балалардың теледидар немесе компьютер алдында өткізетін уақытты шектеуге мүмкіндік береді.
Бұған дейін ДДСҰ компьютерлерде, теледидарларда және гаджеттерде отырудан аулақ болу арқылы балалардың дене белсенділігін арттыруға шақырған. Сонымен бірге баланың оқуға, ән айтуға және үстел ойындарына кететін уақытын қысқартудың қажеті жоқ.