Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖАЛАҒАШ БАЛУАНДАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫСТА ТОП ЖАРДЫ

ЖАЛАҒАШ БАЛУАНДАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫСТА ТОП ЖАРДЫ21-22 қараша күндері Қызылорда облысының Жалағаш елді мекенінде ауыл шаруашылығының көрнекті ұйымдастырушысы Мөрәлі Шәменовты еске алуға арналған дзюдодан жасөспірімдер арасында республикалық турнир болып өтті.
Жарысқа Астана, Алматы қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарынан 25 команда, 300-ден аса спортшы қатысты. Осымен 12 жыл қатарынан ұйымдастырылған турнирден ел намысын шет ел ареналарында абыроймен қорғаған талай тарландар түлеп ұшқан болатын. Осы турнирден қанаттанған Бауыржан Жауынтаев дзюдодан жасөспірімдер арасында Әлем, Олимпиада чемпионы атанса, жастар арасында Мағжан Шамшадин Әлем чемпионатын бағындырды. Сондай-ақ, жасөспірімдер арасында Марат Жанқожа Азия чемпионатында алтын медальді иеленсе, Жақсыбек Жеңісбек балалар Азия ойындарының жеңімпазы атанып, көптеген Қазақстан чемпиондары шықты. Ауылдық жерде осындай жарысты өткізудегі басты мақсат - аймақ жастарының спортқа қызығушылығын арттыру. Дзюдоның облыста қарқынды дамуының арқасында облыс спортшылары ұлттық құрама сапында ел намысын абыроймен қорғап жүр. 
Турнирді аудан әкімі Талғат Дүйсебаев ашып, спортшыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев және Мөрәлі атамыздың ұрпағы, экономика ғылымдарының докторы Атамұрат Шәменов жарысқа қатысушыларға құттықтау тілектерін жеткізді. 
Турнир қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Қызылорда облысының №13 Жалағаш ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жеңімпаз атанды. Екінші орынды Алматы қаласының командасы еншілесе, үшінші орынға Ж.Баһадүр атындағы облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың спортшылары ие болды. 
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медаль және ақшалай сыйақымен марапатталды. 
Жекелей сында жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшылар:
34 келі: 
I орын Асхат Болат (Қызылорда обл.)
IIорын Думан Құралхан (Алматы қ.)
IIIорын Теміржан Руслан (Қызылорда обл.)
IIIорын Тоқтар Айдарбек (Қызылорда обл.)
38 келі: 
I орын Нұрдәулет Аманқосов (Қызылорда обл.) 
IIорын Бағдат Телғараев(Қызылорда обл.)
III орын Бекзат Әзімбек (ОҚО)
IIIорын Арахат Әділхан (Алматы қ.)
42 келі: 
I орын Тілеген Тынарбай (Қызылорда обл.) 
II орын Мадияр Тамабай (Қызылорда обл.)
III орын Абылай Мұсаханов (Алматы қ.)
III орын Айғали Қалдыбек (Қызылорда обл.)
46 келі: 
I орын Бекнұр Қонысбайұлы (Атырау обл.) 
II орын Данияр Амантай (ОҚО)
III орын Нұрбек Нәбиев (ОҚО)
III орын Дәурен Қайратұлы (Жамбыл обл.)
50 келі: 
I орын Ұлықбек Әбілхайыр (Алматы қ.) 
II орын Нұрсұлтан Демеу (ОҚО)
III орын Бекжан Тұрдалы (ОҚО)
III орын Мақсат Әбдірахман (Атырау обл.)
55 келі: 
I орын Бекзат Шыңдалы (Қызылорда обл.) 
II орын Нұрхан Жұмағазы (ОҚО)
III орын Бекзат Андрей (Қызылорда обл.)
III орын Алмас Уәли (Жамбыл обл.)
60 келі: 
I орын Азат Ырысбек (Жамбыл обл.) 
II орын Бағлан Бекман (Қызылорда обл.)
III орын Әділет Нұғманов (Алматы қ.)
III орын Олжас Нұртай (Қызылорда обл.)
66 келі: 
I орын Құдабай Сұлубай (Алматы обл.) 
II орын Елдос Әділхан (Алматы қ.)
III орын Михаил Шихалев (ОҚО)
III орын Ұласқан Алпысбай (Қызылорда обл.)
+66 келі: 
I орын Асылжан Бақытжанұлы (Қызылорда обл.) 
II орын Айдос Шалқаров (ОҚО)
III орын Әділет Сапарғалиев (Алматы қ.)
III орын Ғалымжан Мәметкәрім (Қызылорда обл.)
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: