«Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалының мәжіліс залында «Жастар ресурстық орталығы» Қазалы аудандық бөлімі ауданымыздағы бірқатар белсенді жастармен кездесу өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты ауданымыздағы жастар саясаты төңірегінде атқарылған шараларға белсенді түрде атсалысып жүрген жастарды марапаттап, алдағы уақытта атқарылатын шараларға белсенділіктерін арттырып жігерлендіру және жастардың қатарын одан әрі толықтыру. Шараны «Жастар ресурстық орталығы» Қазалы аудандық бөлімінің басшысы О.Ахметов жүргізіп, жастарға елдің ертеңі жастар деп жігерлендіретін сөздермен ақыл кеңесін айтып бірқатар белсенді жастарды «Нұр Отан» Партиясы Қазалы ауданық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәмбетжан Қасқырбек Өмірзақұлы және «Жастар ресурстық орталығы» Қазалы аудандық бөлімінің басшысы О.Ахметовтың алғыс хаттарымен марапаттады.