Қызылорда қаласының 200 жылдығы аясында Алаш қозғалысының қайраткері, ақын М. Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Мен жастарға сенемін» атты зағип жастар арасында көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы ұйымдастырылды.
Елбасының тапсырмасымен 1 шілде – Ұлттық Домбыра күні болып белгіленуіне орай, Сыр сүлейлері аллеясында 200 жылдыққа – 200 домбырашы тартылып, 20 саны үлгісінде домбырашылардың флэш-мобы ұйымдастырылып, қазақ күйлері орындалды.
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде де кітап көрмелері, танымдық кештер, әдеби оқулар және білімділер сайысы өткізілді.