Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АСПАЛЫ ШАМДАРЫ АСТАСҚАН ШАҺАР


Күн көлеңкесін жапқанда қала тіршілігі мың түрлі бояуға боялады. Қыз-қыз қайнаған өмір, арлы-берлі қатынаған көліктер қаланың түнгі көрінісін көзге әкеледі. Көз жанарды жаулап алатын шаһар шамдары, алыстан менмұндалап тұрған нысандар, орталық алаңдағы түнгі серуен Қызылорданың ажарын ашып тұр.
Сәніне сымбаты жарасым тапқан Қызылорданың түнгі өмірі де қызыққа толы. Ойын-сауық отауларындағы думанды кештер, көңіл көтеруге бағытталған нысандар, сергектік сыйлайтын саябақтар Қызылорданың түнгі өміріне қызмет етіп тұрғандай. Әрбір қызылордалық тұрғынның кешкілік серуен құрып, жан сарайына демалыс сыйлауы елдің мәдени өмірін алға бастырады.
Түнгі Қызылорданың жастар үшін орны ерек. Аспалы шамдары жұлдыздай жарқыраған шаһардың келбеті һәм түнгі өмірі қала жастарына ерекше қуат береді. Қол ұстасқан қос ғашықтың арбат бойымен серуен құруы, бір-бірін қуалаған жас жеткіншектердің бой серігітіп, қала тынысымен тыныстауы сырттай қарағанда көңілге қуаныш сыйлайды.
Қаланың 200 жылдық мерейтойына орай орталық көшелерден бастап, өзге де орталық бойы мерейтойлық көңіл-күйді сездіретін ерекше жарық үлгілері мен бильбордармен көз тартады. Қызылордалықтар үшін арнайы жасалған игі шаралар түн тыныштығындағы Қызылорданы айрықша жарық ете бермек.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: