Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЕҢСЕЛІ ЕЛОРДАЛАР МЕРЕЙТОЙЫ


Астана күні қарсаңында Қызылорда қаласы мен оған қарасты округтерде түрлі іс-шаралар өткізілді. Аталмыш шаралар Астана қаласының 20 жылдығы мен Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналды.
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында «Жаса, жайна, Астана» атты видео-слайд ұйымдастырылды. Аталмыш шара елордамыз – Астананың 20 жыл ішінде даму жолдары мен тарихи кезеңін оқырманға насихаттаумақсатында өткізілген. Онда бас қаланың тарихы, қазіргі келбеті, жетістіктері, даму бағыттары, ескерткіштері мен сәулет ғимараттары туралы мәліметтер видео арқылы көрсетілді. 1998 жылы Астана мəртебесіне ие болған қаланың қазіргі таңдағы сәні мен салтанаты жəне келбеті туралы ой-пікірлер айтылды.
Сонымен қатар, кітапханада «Астана – Қазақстанның жүрегі» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды. Көрмені өткізудегі негізгі мақсат – болашақ ұрпақты елін, жерін сүюге, Отанының патриоты болуға, өз елімен мақтана білуге тәрбиелеу және дарынды жас суретшілерді шығармашылық ізденіске баулу. Оған кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Жас суретшілер өз туындыларында Қазақстанның әсем қаласы – Астананың келбеті, табиғаты мен кең даласын бейнелеген әртүрлі жұмыстарын ұсынды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: