Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

БАЛАБАҚШАНЫҢ 60 ЖЫЛДЫҒЫ ТОЙЛАНДЫ


1958 жылы іргетасы қаланған № 4 «Қуаныш» санаториялық бөбекжай балабақшасында «Бақытты балалықтың бал мекені» атты мерейтойлық шара өткізілді.
Іс-шараға «Нұр Отан» партиясы, «Тұран» филиалының бірінші орынбасары Есенжол Назаров, облыстық білім басқармасының басшысының орынбасары Жасұлан Шынтасов, қалалық білім бөлімінің әдіскері Г.Кенебаева, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мен облыстық туберкулезге қарсы диспансері мамандары, мемлекеттік балабақша меңгерушілері қатысты.
Шара барысында осындай қарқынды серпінге ерекше үлес қосып отырған Мария Жәдігерқызы Изтлеуова басқаратын жарты ғасырдан аса тарихы бар №4 «Қуаныш» санаториялық бөбекжай балабақшасы коммуналдық мемлекеттік мекемесінде еңбек еткен меңгеруші К.М.Смайлова, әдіскер Қ.Қ. Қарақұлова және қазіргі таңда жұмыс жасап жатырған педагог қызметкерлер мен балабақша ұжымына арнайы құттықтаулар мен «Құрмет грамоталары», «Алғыс хаттар» табысталды.
Іс-шарада балабақша бүлдіршіндері мен түлектерінің өнерлері тамашаланды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: