Қандай белгі басылған дөңгелектер қыста тайғанамайды?
Қысқы дөңгелегі жоқ жүргізушілерге айып салынып, мемлекеттік номерлері тәркіленеді. Және олқылықтың орны толғанша қайтарылмайды.
Кеден одағының техникалық регламентіне сай желтоқсанның бірінен бастап көлік иелері қысқы маусымға көшуі тиіс.
Яғни жалпы қолданыстағы жолдарға таймайтын дөңгелекпен шығуы тиіс. Немесе «М+S», «M&S», «M S» белгісі соғылған дөңгелекпен жүре алады.
Заңды бұзған жағдайда қоғамдық тәртіп сақшылары 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуға құқылы, және көлік нөмірін шешіп алып, кемшілік түзелгенде ғана кері қайтарады.