Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Дәрігер кімге 8 сағаттан аз ұйықтауға болатынын айтты


Тәулігіне сегіз сағат ұйықтау қалыптасқан норма. Алайда бұл нормадан аз ұйықтайтындар да жоқ емес.
Наполеон Бонапарт, Александр Македонский, Леонардо да Винчи аз ұйықтап, көп нәрсе үлгерді деген пікір бар. Мұны тексеру қиын. Бірақ мұндай адамдарға еліктеп, ұйқы мөлшерін азайтуға болмайды, деп хабарлайды Sputnik радиосы биологиялық ғылымдар докторы Владимир Дороховқа сілтеме жасап.
"Наполеон, Александр Македонский, Черчилль, Маргарет Тэтчер аз ұйықтаған. Ал Тэтчерде қысқа ұйқы гені болды. Алайда бұл ген бар адамдар өте сирек кездеседі. Мұндай адамдар 4 сағатта ұйқы қандыра алады. Бірақ оларға еліктеуге болмайды", — деді сарапшы.
Ұйқы мөлшерін азайту көптеген адам үшін өте қауіпті. Адамның өмір сүру уақыты азаятыны дәлелденген.
"Аз ұйықтаған адамдардың өмірі 10-15 жылға қысқаратыны туралы талай ғылыми жұмыс жазылған. Ұйқы түнде біздің ағзамыз "жөндейді". Егер ұйқы мөлшері дұрыс болмаса, артық салмақ, диабет, жүрек аурулары пайда болады", -дейді дәрігер.
Сондықтан дәрігер қысқа ұйқы гені барлар ғана сегіз сағаттан аз ұйықтай алатынын айтып отыр.

sputniknews.kz
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: