Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Мемлекеттік тіл – менің тілім

Мемлекеттiк тiл- мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы.
Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы-тіл. Тіл-халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәселесі-ұлттың мәселесі.Тілді өркендету –баршаның ісі. Тіл тек қарым қатынас құралы емес, ойлаудың, дүниетанымның,рухани мәдениетті жасаудың, ұлттық ұжымдық тәрбиесін жинақтаудың құралы және ұлтымыздың биік тұғыры. Бұл ретте біздің мемлекетіміздің тілге деген жанашырлығы басым. Елбасының жыл сайынғы халыққа жолдауында да басым бағыттарының бірі- мемлекеттік тілді жан-жақты дамытуға басты назарда ұстау болып келеді. Өкінішке орай соңғы кезде жастар өз ана тілін бұрмалап сөйлеуді әдетке айналдырған.
Ата-ананы қадірлеу қалай керек болса, өз ана тілімізді де қадірлеп ардақтап қолға алайық. Төл тілінде сөйлеуден безу- ана сүтін беріп өсірген анаңды ұмытумен бірдей.

Таңшолпан Алтынбаева,
Қызылорда қаласының №2 сотының
жетекші маманы.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: