Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Телефон жөндейтін Сабыржан 


«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының көмегімен қармақшылық Сабыржан Кенжебекұлы «Бастау» кәсіпкерлік негіздерін оқып, қайтарымсыз несиеге қол жеткізді. Қолдаудың көмегімен телефон жөндейтін құралдар сатып алды.
Өткен жылдың 15 қаңтарында өз ісін бастаған азаматтың бұл күнде кәсібі дамыған. Аз ғана уақыттың ішінде халықтың тарапынан сұраныс артып, еңбегі еленген.
– Бір күні жұмысыма белгілі себеппен бір сағат уақытқа кешігіп қалдым. Сол кезде біреу телефоныма қоңырау шалып: «Жұмыс уақытың бір сағат бұрын басталды. Қайда жүрсің? Тезірек жұмысқа кел, күтіп тұрмын» деді. Содан бері өзім би, өзім қожа болсам да халық игілігі үшін жұмыс істейтіндіктен темірдей тәртіпке үйрендім, – дейді жас кәсіпкер.
Қолы ашық, пейілі кең Сабыржан Әбдірахмановтің жомарттығы бір төбе. Қолынан келсе көмек көрсетуге аянып қалмайтын ол қайырымдылықтан кенде емес. Алдына келген жанға түрлі жеңілдік жасап, кейде телефонды тегін жөндеп берген кездері аз болмаған. Қысқасы, өзінің тұрақты тұтынушысына тартынып қалмайды.
Қазір әрбір адамның басында бір «қалтафон» бары рас. Ол кейде бұзылады, оны жөндетуге халық қалаға ағылады. Сол үшін кәсіпкер болашақта жаңа құрылғылар алып, күрделі жөндеу жұмыстарын біздің ауылда да істеуді көздеп отыр.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: