Қызылордада 26 наурызда шаңды дауыл соғады. Бұл жөнінде Қызылорда облыстық жұмылдыру басқармасы мәлім етті.
«Осы орайда «Қазгидромет» РМК-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының мәліметін ұсынамыз. 26 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл сақталады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с сақталады.
Қызылорда қаласында 26 наурызда күндіз шаңды сақталады. Күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с сақталады. Осыған байланысты, үй шатырларының ұшуынан абай болыңыздар!», - делінген хабарламада.