Жұқпалы індеттен сақтану үшін санитарлық тазалықты сақтау басты міндеттердің бірі болып табылады. Ауданда инфекцияның таралуын болдырмау мақсатындағы дезинфекциялық шаралар жалғасуда.
Бүгін таңертең тұрғындар көп жиналатын «Халық банк» пен «Қазпошта» АҚ-ның Қазалы ауданындағы Біржан сал, Әйтеке би және Михайлюк көшесіндегі бөлімшелерінде, банкоматтар маңында залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.
Тазалық шаралары тұрғындар денсаулығын сақтауға және қауіпсіз жағдай жасауға бағытталады.