Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АҚШ vs Қытай: Технологиялық текетіресте кім жеңеді - БАҚ

Қытай 5G саласында көш бастап тұр, дегенмен әзірге АҚШ-тың бірнеше салада басымдығы бар. Геосаяси үстемдік технологиялардағы прогреске байланысты болып тұрған қазіргі заманда АҚШ алда келе жатыр. Америкалық компаниялар әлемдегі ең жылдам компьютерлерді жасайды, ең қабілетті роботтарды шығарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Wall Street Journal сілтеме жасап.
«Қытайдың дамушы экономикасы әлемде екінші орында тұр. Ал технологияға салынып жатқан мемлекеттік инвестициялар АҚШ-тың мүмкіндіктерін артқа тастауда. Қытайдың жетстіктері үшін Трамп бұл мемлекетпен экономикалық және сауда соғысын бастады. Коронавирус пандемиясы бұл соғысты қалай өзгертетіні әзірге белгісіз. Дегенмен, әлемдік індет екі мемлекет арасындағы бәсекені әлсіреткен жоқ», - деп жазады басылым.
Автордың жазуына қарағанда, екі мемлекеттің бәсекесі ең алдымен 5G технологиясына байланысты болып тұр. АҚШ пен Қытай арасындағы технологиялық күрес қалай өтіп жатыр?
«Бас прокурор Уильям Барр ақпан айында АҚШ-тың 5G саласы қандай деңгейде екенін айтып, Вашингтонға «Хуавэй» «Нокиа» және «Эриксон» компанияларына қаржылық қызығушылық туғызу керек екенін жеткізді. Дегенмен, Ақ үй бұл компанияларды сатып алудан бас тартты. Ал Баррдың айтуынша, Америкада Хуавэйге тең келетін компания жоқ», - деп жазады автор.
Оның айтуынша, 5G саласында Қытай алда келе жатыр.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: