Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

 Кәсіпкерлікті дамыту мәселелері таразыланды

«Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржы ұйымының бақылау кеңесінің отырысы өтті.
Кеңеске Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар орталығының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Нәлібаев Мақсұт Ыбырайханұлы төрағалық етті.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша 311 млн. теңгенің 12 жобасы қолдау тапты. Негізінен қолдау тапқан жобалар ара балын өндіру, консерві, шұжық, жартылай фабрикаттар (тұшпара, котлет, тефтел, лағман), сұйық  сабын және шаруашылық сабындарын жасау, сонымен бірге, қымыз, ет өнімдері, тігін фабрикалары өндірістерін қамтиды.
Облыс басшылығының қоладуымен өңір тұрғындарын бірінші қажеттіліктегі тауарлармен қамтамасыз ету үшін «Облысты 2023 жылға дейін экономикалық дамыту жоспары» қабылданды.
Жоспар өндіріс саласына бет бұрғысы келіп жүрген кәсіпкерлер үшін жақсы қолдау болып, қой, сиыр, жылқы еттерінен консервілер, жартылай фабрикаттар, шұжық, макарон өнімдері мен асқабақ сусынын жасаужәне шоколад өндірістері жобалары, сондай-ақ, құрылыс материалдары, сабын, антисептик өндірістерін іске қосуға септігін тигізді.
Бұл жобалар «Бизнестің жол картасы 2025», «Қарапайым заттар экономикасы», «Еңбек» секілді кәсіпкерлік саласындағы бағдарламар аясында жүзеге асты.
Осы жұмыстарды одан әрі жүйелі жалғастыру үшін облысымызда бұрын соңды болмаған 2 пайызбен 4 жыл мерзімде өңдеу өнеркәсібі саласын несиелендіруге облыстық бюджеттен «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржы ұйымына 400 млн. теңге қаржы бөлінді.      
Отырыс соңында кеңес төрағасы М.Ыбырайханұлы жоба жетекшілеріне алдағы іске асатын кәсіптеріне сәттілік тіледі. 
Бұл жұмыстар одан әрі жалғасын табатын болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: