Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жас кәсіпкер ортопедиялық матрац шығарады

Қазір Қызылорда облысында орташа бағадағы және премиум-кластағы ортопед матрацтарға сұраныс жоғары.
Отандық тауарлардың сапасы шеттен келетін аналогтарынан бір мысқал да кем емес. Себебі матрац сол елдің құрал-жабдықтарында жасалады. Әрі мұндай ірі көлемдегі затты сырттан тасымалдау шығыны азайған соң, отандық тауарға қалта көрерлік баға қоюға да болады.
Қызылордалық жас кәсіпкер, «Mebelhome» ЖК иесі Шаков Фаррух Зайнитдинұлы мемлекеттік бағдарламаға қатысу талабы бойынша «Кәсіпкерлік негіздері» курсын аяқтаған соң жиһаз дүкенін ашты. Кейін осы салада сұраныс барын байқап, матрас шығаруға бел буды.
Алдымен кеңес алу үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Қызылорда аймақтық филиалына жүгінді. Нәтижесінде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы жабдықтар сатып алып, айналым қаражатын толықтыруға 2019 жылы несие алды. Жобаны «Даму» Қоры «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қолдағандықтан, кәсіпкер несиені 8,4 пайызбен төлейді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: