Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордалық әйел 3 бүлдіршінді қараусыз қалдырып кеткен

«Жасөсіпірім» кешенді жедел-профилактикалық шарасы барысында кәмелет жасына толмаған 3 бүлдіршінді қараусыз қалдырып кету дерегі орын алған. 
Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек,  Қызылорда қаласы тұрғыны, 1980 жылы туылған азаматша 11 жасар, 8 жасар және 5 жастағы қыздарын қалдырып, белгісіз жаққа кетіп қалған. 10 күн бойы аталған азаматшадан хабар болмағаннан кейін қала тұрғыны Г.Н. ішкі істер органдарына хабар берген. 
Тексеру барысында аталған жасөспірімдердің 2-уі желтоқсан айында мүлдем сабаққа бармағаны анықталды.
Қазіргі таңда жасөспірімдердің анасына қатысты ҚР ӘББтК-нің 111-бабы бойынша балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін хаттама толтырылса, ал бүлдіршіндер ювеналды полиция қызметкерлерімен облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: