Қармақшыда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде нәтижелі жұмыстар қолға алынды. Бірқатар азаматтар сол арқылы өз ісін қолға алды.
Аудан орталығы - Жосалы кентінде жас кәсіпкер Махмуд Қазақбай наубайхана ашып, қызмет көрсетуде. Ал «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жеке кәсіпкер Әмит Елубаев жиһаз цехын ашып, өз ісін дөңгелетуде. Сондай-ақ, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» бағдарламасымен мүмкіндігі шектеулі азамат Қайрат Мұсабеков тігін цехын ашып, жұмыс істеуде. Ол былтыр облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың «Өзіңе сене баста» атты форум-көрмесіне өнімдерімен қатысып, бас жүлдені жеңіп алды. Жүлде қоры 1 млн теңгені құрады.