Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АРАЛ КӨШЕЛЕРІ КӨРІКТЕНЕ ТҮСТІ

АРАЛ КӨШЕЛЕРІ КӨРІКТЕНЕ ТҮСТІ

 

Күнделікті атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде Арал қаласының келбеті күнен күнге көркейіп, ажары айшықтала түсуде. 
Кеңінен құлашын жайған абаттандыру жұмыстары, ішінара жаппай жөндеуден өтіп жатқан көшелер қаланы көріктендіріп, тұрғындар талғамын дөп басуда. Жақында құны 12 млн 551 тың теңге құрайтын Арал қаласындағы Т.Есетов көшесін кеңейту жұмыстары жүргізіліп, жаңа асфальт жабындылары салынды. Жаяу жүргіншілер жолы қалпына келтіріліп, бручаткалар төселді. Көше бойындағы саябақ пен мектеп айналасындағы темір қоршаулар заман талабына сай жаңартылды.
Соның ішінде, әсіресе, қала шырайын арттыра түсетін негізгі фактордың бірі – самаладай жарқыраған түнгі жарық десек, құны 13 млн 301 мың теңгені құраған көше бойына түнгі жарықтандыру жұмыстары да жүргізіліп, ел игілігіне жарап тұр. 
Аталмыш түнгі жарық қала келбетін айшықтап қана қоймай, жазатайым оқиғалар мен ұрлық, қарақшылық сынды әрекеттерге де тосқауыл қойып, қоғамдық қауіпсіздік талаптарына септігін тигізері анық.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: