Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылорда облысы бақылау жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды

Кадрлық өзгерістерге байланысты өткен арнайы актив отырысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасының жаңа басшысы Шәменов Бауыржан Серікұлын таныстырды.


Бауыржан Шаменов 1981 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң университеті мен Құқық және нарық академиясын бітірген.
Еңбек жолын «Рух» заң компаниясының заңгері ретінде бастаған. Әр жылдары облыстық қазынашылық департаменті мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша басқармасында жауапты қызметтер атқарған.
2008-2013 жылдары облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы болған.
6 жылдан астам облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары лауазымында, 2019 жылдан бастап осы аталған басқарманың басшысы болып қызмет атқарды.
Облыс әкімі жаңадан тағайындалған басқарма басшысының қызметіне сәттілік тілеп, жауапты қызметте абырой тіледі. 
- Қазіргі кезде түрлі секторларда әлеуметтік мәселелерді желеу етіп, мәселелерді тек минтинг немесе рұқсат етілмеген жиындарда шешкісі келетіндер көбейді. Басты себеп заңмен реттелетін нормаларды дұрыс түсіндірмеуден немесе жұмысшы қауымның ұсыныстарына дер кезінде мән бермеудің салдары түрлі дау-дамайларды туындатты.
Өңірде орын алған еңбек қатынастарындағы дауларды, аймақтың айшық келбетін келтіретін сәулет-құрылыстардың сапасына байланысты мәселелерді орнықты түрде шешуде Бауыржан Серікұлы заңгерлік білімі мен тәжірибесін, іскерлік ұстанымын іс жүзінде жоғары деңгейде көрсететініне сенімдімін, - деді Н.Нәлібаев. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: