Ғалымдар белгілі бір уақыт аралығында ғана тамақтанудың пайдасын айтты
Америкалық ғалымдар белгілі бір уақыт аралығында ғана тамақтанудың денсаулыққа қалай әсер ететінін анықтады. Ол жөнінде Тengrinews.kz жазды. Бұл туралы The New England Journal of Medicine журналында жарияланды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Дәігерлердің айтуынша, белгілі бір уақыт аралығында ғана тамақтану, мысалы, таңғы сағат 8.00-ден түскі 14.00-ге дейін.
Зерттеу авторларының бірі, ғалым Марк Маттсон белгілі бір уақыт аралығында ғана тамақтануды осымен 25 жыл бойы зерттеп жатыр екен және өзі де 20 жылға жуық уақыт осы қағидамен өмір сүреді екен. Ғалымның айтуынша, осылай тамақтану диабет және жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алып, қан-қысымының төмендеуіне, иммун жүйесінің жақсаруына септігін тигізеді.
"Бірнеше зерттеудің нәтижесі белгілі бір уақытта ғана тамақтанудың ми жұмысын жақсартатынын дәлелдеді. Осы диетаны екі жыл ұстап көрген адамның есте сақтау қабілеті де жақсарып, түрлі аурулардың алдын алуға көмектеседі", - делінген ғалымдардың зерттеуінде.