Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жас кәсіпкер ұлттық дәстүрді дәріптеді

Қызылордалық жас Әли Ибрагим садақ ату десе ішкен асын жерге қояды. Мергендікке қызығып, елорда да арнайы садақ ату курсынан өтіпті. Жас шебер Түркияда өткен мергендердің халықаралық сайысына да қатысқан. Ол «Алтын жебе» дәстүрлі садақ ату орталығын ашты.
«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының «Жас кәсіпкер» жобасы аясында оқып, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы негізінде 505 000 теңге қайтарымсыз грант жеңіп алған. Өзі жаттықтырушы болып істеп жүр. Садақты, жебені қалай пайдалану керек, қалай дұрыс атқан жөн бәрін үйретеді. Орталыққа келуші үлкендердің де, балалардың да қарасы көп.
«Алға қойған мақсатымыз ұлттық спортты дамыту. Жастар бүгінде ғаламтор ойындарына үйір. Біз олардың уақытын пайдалы өткізулеріне жағдай жасадық. Алдағы уақытта түрлі сайыстар ұйымдастырамыз. Сұрмергендер шығарып, халықаралық сайыстарға қатыстырғымыз келеді. Малазия елінде бұл спорт түрі жақсы дамыған. Қазақ елінің атын шығарар мерген жастарды баулысақ дейміз» дейді мерген жаттықтырушы Әли.
Осылайша Әлидің «Алтын жебе» ұлттық садақ ату орталығы қызылордалықтардың қызығушылығын оятты. Келушілер саны артып, кәсібі алға басуда. Баланың рухты, жүректі болып өсуін қалайтын ата-аналар ұлттық спорт үйірмесін ашқан жас кәсіпкерге алғысын білдіруде.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: