Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қазалы мен Жаңақорғанда мал ұрлығы асқынып тұр

Қазалы мен Жаңақорғанда мал ұрлығы асқынып тұрАғымдағы жылдың 23 желтоқсанында «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламасының» талабына сәйкес, облыс көлемінде есірткімен байланысты қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу мен жолын кесу бағытындағы атқарылып жатырған жұмыстардың тиімділігі мәселесі сөз болған қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізілді.   .  
Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қоғамдық кеңесті мәслихат депутаты, Қоғамдық кеңестің төрағасы Н.Ерманов  ашып, кеңестің бағдарламасымен  және күн тәртібінде тұрған мәселемен таныстырып өтті.
Кеңес отырысында «Есірткі айналымына қатысты  орын алған қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу мен жолын кесу бағытындағы атқарылып жатырған жұмыстар  жайлы ОІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы полиция полковнигі Н.Ибраевтың баяндамасы тыңдалып, есепті мерзімде облыс көлемінде есірткі бизнесіне қарсы күрес және нашақорлықтың алдын алу бағытында атқарылған жедел-қызметтік шаралардың нәтижесінде үстіміздегі жылдың 11 айында есірткі затына байланысты 93 қылмыстық іс қозғалып, заңсыз айналымнан 357 кг. 966 г. есірткі заты алынғандығын және облыстық наркологиялық орталығында нашақорлықпен есепте тұратын науқастардың саны 1273 адам болып, өткен жылмен салыстырғанда 308 адамға азайғанын  сөз етті. ҚР-да нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің салалық бағдарламасына сәйкес, ағымдағы жылы облыс көлемінде 694 іс-шара өткізіліп, қала орталығында орналасқан свето-диодтты экранда тәулігіне 192 рет 5 бейнеролик көрсетілгенін және үгіт-насихат өнімдері таратылғанын атап өтті. Сондай-ақ, облыс көлемінде өткізіліп жатырған «Көкнәр», «Кендір», «Допинг» жедел-профилактикалық іс-шаралары нәтижесіне тоқталып, есірткіге қарсы қоғамды қалыптастыруда және салауатты өмір салтын насихаттауда БАҚ-тың ықпалы зор екендігін ерекше көрсетті.
Бұдан кейін сөз тізгінін ОІІД Штаб басқармасының бастығы полиция подполковнигі Ә.Өтегенов алып, облыс көлеміндегі қылмыстық ахуалды, орын алған жол-көлік оқиғаларының саны, көлік апатында қайтыс болғандар мен түрлі деңгейдегі дене жарақаттарын алған адамдардың саны жайлы мәліметтер беріп өтті. Мал шаруашылығын кәсіп еткен  ауылдық аймақтарда, әсіресе Қазалы, Жаңақорған аудандарында мал ұрлығы қылмысының артып, 78%-ды құрап отырғанын көрсетті. Оның бірден бір себебі ретінде өткен жылдары орын алған 127 мал ұрлығының осы жылы тіркелуімен, яғни жәбірленушілердің құзырлы органдарға кеш арыздануымен түсіндіріліп отырғандығын жеткізді.  
Бұдан бөлек 2015 жылдың І жартыжылдығына арналған жұмыс жоспары таныстырылды. 
Департамент бастығы полиция полковнигі Ж.Сүлейменов 2015 жылға арналған жұмыс жоспарына толықтырулар енгізуді, яғни көші-қон мәселесін және мал ұрлығы мәселесін қарауды қоғамдық кеңестің күн тәртібіне қоюды ұсынды. Құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуда, мал ұрлығы және басқа да қылмыстардың ізін суытпай ашуда, негізгі міндеттерін орындауда салғырттық танытқан немесе қылмысты ашуға бейжай қараған полиция қызметкерлері тиісті жазасын алатынын ескертті. Ал малдың түгелдігіне жауапты ауыл тұрғындарына күзетті күшейту керектігін және жоғалған жағдайда уақытты шығындап, өз бетінше іздеуге тырыспай, тәртіп сақшыларына хабар беру қажеттігін жеткізді. Сондай-ақ, бүгінгі отырыста қаралған мәселелер мен ұсыныстар төңірегінде атқарылған жұмыстар жайы да келесі кеңес отырысында талқылану қажеттігін ерекше атап өтті. Ж.Сүлейменовтің сөзін қолдай келе, Қызылорда облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары Р.Чагай діни эстремизм мен терроризм мәселелері қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып отырғандығын жеткізді. Осыған орай, жұмыс жоспарына осы мәселелер төңірегінде атқарылып жатырған жұмыстар жайын енгізуді ұсынды. 
Жиын соңында халық арасында ішкі істер органдары қызметкерлерінің оң имиджін қалыптастыруда өз үлесін қосып, елдің полицияға деген сенімін нығайтуға атсалысып жүрген Қызылорда ОІІД жанынан құрылған қоғамдық кеңес мүшелері департамент бастығы Ж.Сүлейменовтің «Құрмет грамотасымен» және естелік сыйлықтармен марапатталды. 
Қоғамдық кеңес айтылған мәселелердің жерде қалмай, кеңесте қаралған мәселелер төңірегінде тиімді жұмыстар атқарылуы керектігі жайлы тұжырым жасалынып, қорытындыланды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: